Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
Басты Жаңалықтар «Тіл – тәуелсіздік тірегі» атты дөңгелек үстел

«Тіл – тәуелсіздік тірегі» атты дөңгелек үстел

12 Желтоқсан 2017 ж. 153

2017 жылғы 12 желтоқсанда Достық үйінің конференц-залында Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тіл – тәуелсіздік тірегі» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел отырысына облыстың этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері,  Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Павлодар облыстық филиалының мүшелері, тіл жанашырлары, мемлекеттік тілді жетік меңгерген облыстың этнос жастары, сондай-ақ республикалық конкурстардың жеңімпаздары шақырылды.

Отырыс барысында қатысушылар мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың, мемлекеттік тіл мен этнос тілдерін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Аталған шарада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Павлодар облыстық филиалының төрағасы С. Әйтенов, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» республикалық жобасының жеңімпазы А. Лодочников, жастар бастамаларын дамыту орталығының өкілі, жас ақын Е. Әміренов баяндама жасады. Сонымен қатар «Қазақстан.Тәуелсіздік хроникасы» бейнебаяны көрсетілді.

Шара қатысушыларын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаған облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы С. Османова: «Тәуелсіздік жылдар ішіндегі ең басты жетістігіміз халқымыздың келісімі мен бейбітшілігі болып табылады. Мемлекетіміздің салмақты саясаты арқасында барлық қазақстандықтар өз тілдерінде  сөйлеп, мәдениеті мен дәстүрін сақтауда» - деп түйіндеді өз сөзін.

Шара соңында мемлекеттік тілде жазылған диктант қорытындысы жарияланып, үздіктер мен республикалық конкурстардың жеңімпаздары алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. 

 

 

1

СЕНIМ ТЕЛЕФОНЫ
32-91-74
CALL CENTER

Жаңалықтар мұрағаты

акорда 100 100

СұрақСұрақтар мұрағаты

Ауданның қандай мәселесі Сізді көбірек алаңдатады?
Дауыс берді: 40
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайты
Стратегиясы Қазақстан 2050
ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
Павлодар облысының әкімдігі
Халықтық IPO бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
Қазақстан Стратегиясы 2050
Центр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан
EXPO 2017
Назарбаев орталығы
ҚР Әділет министрлігі
ҚАЗТЕСТ
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
Отау ТВ
Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
Мүлікті жария ету
«Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
Сот кабинеті
Рухани әлем
Астана экономикалық форумы
  • Мекенжайы

    Павлодар қаласы,
    Қайырбаев көшесі, 32

  • Телефон

    8 (7182) 32-67-81
    32-81-14

  • E-mail

    tilder32@gmail.com

  • Соц. сети