Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы

100 нақты қадам - Ұлт Жоспарын іске асыру жөнінде ақпарат

Елбасының «Ұлт Жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасы шыққаннан бері жүріп өткен жолымызды бірлесе бағамдап, сараптама жүргізетін уақыт та келді.

2015 жылдан бастап облыстың барлық мемлекеттік мекемелерінің жұмысы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталды.

Жоспардың барлық бағыттары бойынша жұмыс топтары құрылып, медиа-жоспарлар әзірленді, өңірлік іс-шаралар Ұлт жоспары 100 нақты қадам практикалық жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдармен жүйелі түрде жұмыс жүргізіледі.

Ішкі саясат басқармасымен «Павлодар облысы тұрғындарының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасын қабылдау және қолдау деңгейі: мемлекеттік мекемелердің жұмысын бағалау» атты әлеуметтік зерттеу жүргізілді.

Сауалнама қорытындысына сәйкес 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша тұрғындарды ақпараттандыру қанағаттандырарлық жағдайды көрсетті.

Бүгінгі күнде Жоспардың «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» атты бірінші бағыты бойынша елімізде, облысымызда жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі қабылданды, Павлодар облысы бойынша 1993 мемлекеттік қызметші аттестациялаудан өтті, облыстың әдеп жөніндегі уәкілі тағайындалды.

Бірінші бағыт бойынша атқарылған жұмыстардың тиімділігі 80% респонденттермен жағымды қабылданған.

Ұлт жоспарының екінші бағыты «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» бойынша респонденттердің 74,3% сот жүйесінің ашықтығы бойынша атқарылған жұмыстарды атап кеткен. Сонымен қатар, сауаланамаға қатысушылар облысымыздағы қоғамдық тәртіптің және құқықбұзушылықты алдын алудың негізгі факторы ретінде - жергілікті полиция қызметінің құрылуын,  «Қылмыстық құқық бұзу картасы» интернет-порталының жасалуын көрсеткен.

«Индустрияландыру және экономикалық өсім» үшінші бағыты бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында негізгі қадамдардың бірі ретінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу берілген. 

Әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 1 шілдесіне респонденттердің 37,1% МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру)  жүйесі туралы толық ақпараттанғандарын, 47,6% жартылай хабардар екендігін белгілеген.

«Біртектілік және бірлік» атты төртінші реформаны  іске асыруда аймақта мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғамның қызметін үйлестіруді қамтамасыз етіп отырған Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясы   жетекші күш болып келеді. Ассамблея «Мәңгілік ел» идеясы басты жалпыазаматтық құндылық болып танылатын біртектілік және бірлік бойынша жұмысты ұйымдастыруда.  Этносаралық және тілдік, діни қарым-қатынастарды сақтау және нығайту үшін өңірімізде 24 облыстық  және қалалар мен аудандардың 91 этномәдени бірлестігі,  облыстық ассамблеяның 13 филиалы жұмыс атқарып отыр. Қалалар мен аудандарда Ассамблея күндерін өткізу дәстүрге айналды.

Сонымен қатар, Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясында жаңа бағыттар: медиация, қайырымдылықты дамыту, қоғамдық бақылау бойынша жұмыстары басталды. 

Қазіргі күні қалалар мен аудандарда, ауылдық округтерде  43 қоғамдық кеңес жұмыс істеуде.

Жыл сайын этнобірлестердің  «Бірлігіміз жарасқан» фестивалі, «Бір шаңырақта өмір сүреміз» жазғы фестивалі, «Қымызмұрындық» халық мерекесі және басқа да іс-шаралар өткізілуде.

Облыстың ішкі саясат басқармасы бес институционалдық реформаны іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу  бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастыруда.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыратын 30 тілшісі бар арнайы журналистер мен блогерлердің  тобы құрылды.

Мемлекеттік мекемелердің сайттарында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, логотипі және іске асырылуы туралы  ақпарат орналастырылды. Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік алаңында  мемлекеттік органдар басшыларының, үкіметтік емес ұйымдардың, мәслихат депутаттарының, Қазақстан халқы ассамблеясы, облыстық сот өкілдерінің қатысуымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша 56 брифинг өткізді.

Баспалық бұқаралық ақпарат құралдарында  20 арнайы айдар ашылып, жұмыс істеуде. Мысалы,  «100 нақты қадам», «100 шагов», «5 реформа», «Нақты істің нәтижесі», «Тілегіміз – татулық», «Инвестициям посвящается» және тағы басқалары.

Облыстық «Қазақстан-Павлодар» және  «Ирбис» телеарналарында  құзыретті органдардың қатысуымен аталмыш тақырып бойынша арнайы хабарлар шығарылуда, «Сот жүйесі саласындағы 100 қадам», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы», «Мемлекеттік қызметке түсу туралы» роликтер ұдайы трансляциялануда.

Ұлт жоспарын іске асыру бойынша  ағымдағы жыл басынан республикалық және өңірлік БАҚ-та 1289 ақпараттық материал шықты. 

Қазіргі кезде Ұлт жоспары «100 нақты қадам» тақырыбы бойынша облыс қалалары мен аудандарының елді мекендерінде 50 билборд және 1 брандмауэр орналастырылды.

Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылуда.


2017-09-05 10:53:56

СЕНIМ ТЕЛЕФОНЫ
32-91-74
CALL CENTER

Жаңалықтар мұрағаты

акорда 100 100

СұрақСұрақтар мұрағаты

Ауданның қандай мәселесі Сізді көбірек алаңдатады?
Дауыс берді: 40
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайты
Стратегиясы Қазақстан 2050
ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
Павлодар облысының әкімдігі
Халықтық IPO бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
Қазақстан Стратегиясы 2050
Центр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан
EXPO 2017
Назарбаев орталығы
ҚР Әділет министрлігі
ҚАЗТЕСТ
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
Отау ТВ
Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
Мүлікті жария ету
«Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
Сот кабинеті
Рухани әлем
Астана экономикалық форумы
  • Мекенжайы

    Павлодар қаласы,
    Қайырбаев көшесі, 32

  • Телефон

    8 (7182) 32-67-81
    32-81-14

  • E-mail

    tilder32@gmail.com

  • Соц. сети