Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
Басты Нормативтік база Заңдар Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы

Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңы

 

 

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - IV" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 4" деген цифрлармен ауыстырылды - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бастап күшiне енедi) Заңымен.

      РҚАО-ның ескертпесi!
      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша «поселке», «поселкелер», «поселкелерге», «поселкелерi», «поселкелердi», «поселкелердiң» деген сөздер тиiсiнше «кент», «кенттер», «кенттерге», «кенттерi», «кенттердi», «кенттердiң» деген сөздермен; «ауыл (село)», «ауылдық (селолық)», «ауылдардың (селолардың)», «ауылдарды (селоларды)», «ауылдар (селолар)», «ауылдарға (селоларға)» деген сөздер тиiсiнше «ауыл», «ауылдық», «ауылдардың», «ауылдарды», «ауылдар», «ауылдарға» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

1 бөлiм. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк-аумақтық
              құрылысының жүйесi
 
      Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының жүйесiне мынадай әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер кiредi: ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс.

      2-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң категориялары
 
      Қазақстан Республикасы аумағының республикалық және жергiлiктi мүдделерiн қолайлы ұштастыру негiзiнде мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыру негiзгi екi категорияға - аймақтарға және елдi мекендерге бөлiнедi.
      Аймақ - республиканың бiрнеше елдi мекендерi енгiзiлетiн, оның мүддесi үшiн құрылатын және басқарылатын республика аумағының бiр бөлiгi.
      Республикалық әкiмшiлiк-аумақтық құрылыстың негiзгi буындары ретiнде облыс, аудан және ауылдық округ аймақтар болып табылады.
      Елдi мекен - республика аумағының халық жинақы орналасқан, кемiнде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан, заңда белгiленген тәртiпте есепке алынған және тiркелген, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi.
      Қазақстан Республикасы аумағындағы елдi мекендер қалалық және ауылдық елдi мекендерге бөлiнедi.
      Қалалық елдi мекендерге республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы қалалар, сондай-ақ олардың әкiмшiлiк бағыныстылығының аумағындағы кенттер; ауылдарға - олардың әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан қалған барлық елдi мекендер жатады.
      Елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерi болады.
      Шағын аудандар, алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, тұйық көшелер, саябақтар, скверлер, көпiрлер және басқа да бөлiктер елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерi болып табылады.
      Халқының саны 400 мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан қаладағы аудан болып табылады.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 11.05.2004 № 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 04.11.2006 № 184 (01.01.2007 бастап қолданысқа енгiзiледi); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      3-бап. Қалалар мен басқа да елдi мекендердiң санаттары

      Қалалар мен басқа да елдi мекендер мыналарға бөлiнедi:
      1) республикалық маңызы бар қалалар, оларға ерекше мемлекеттiк маңызы бар немесе халқының саны бiр миллион адамнан асатын елдi мекендер жатады;
      2) облыстық маңызы бар қалалар, оларға iрi экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын, дамыған өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымы бар және халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекендер жатады;
      3) аудандық маңызы бар қалалар, оларға аумағында өнеркәсiп орындары, коммуналдық шаруашылық, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, оқу және мәдени-ағарту, емдеу мен сауда объектiлерiнiң дамыған желiсi бар, халқының саны кемiнде 10 мың адам болатын, халқының жалпы санының үштен екiсiнен астамын жұмысшылар, қызметшiлер және олардың отбасы мүшелерi құрайтын елдi мекендер жатады;
      4) кенттер, оларға өнеркәсiп орындарының, құрылыстардың, темiр жол стансаларының және басқа да экономикалық тұрғыдан маңызды объектiлердiң жанындағы, халқының саны кемiнде 3 мың адам болатын, олардың кемiнде үштен екiсiн жұмысшылар, қызметшiлер және олардың отбасы мүшелерi құрайтын елдi мекендер жатады;
      кемiнде 2 мың халқы бар, жыл сайын емделу және демалу үшiн келетiндердiң саны кемiнде олардың жартысын құрайтын, емдiк маңызы бар жерлерде орналасқан елдi мекендер де кенттерге теңестiрiледi; оларға қала тұрғындарының жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халықтың кемiнде 25 пайызы ауыл шаруашылығымен тұрақты түрде айналысатын саяжай кенттерi де жатады;
      5) ауыл – халқының саны кемiнде 50 адам болатын, олардың кемiнде жартысын ауыл, орман және аңшылық шаруашылығымен, бал ара шаруашылығымен, балық аулау мен балық өсiру шаруашылығымен айналысатын қызметкерлер, олардың отбасы мүшелерi және денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт мамандары құрайтын елдi мекен;
      6) халқының саны 50 адамнан аз шаруа қоныстары мен өзге де қоныстар ең жақын маңдағы елдi мекеннiң құрамына енгiзiледi.
      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      4-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық
              құрылыс туралы заңнамасы
 
      1. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.04.2009 № 154-IV Заңымен.

      5-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердi құру, тарату,
              олардың шекараларын белгiлеу және өзгерту,
              оларға ат қою және олардың атын өзгерту туралы
              шешiмдер қабылдайтын органдар
 
      Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар өз өкiлеттiктерi шегiнде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердi құру және тарату, олардың шекараларын белгiлеу және өзгерту, оларға ат қою мен олардың атын өзгерту туралы шешiмдер қабылдайды.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 19.12.1995 № 2691 Жарлығымен.

      6-бап. Облыстар мен аудандарға, қалаларға ат қою мен
              олардың аттарын өзгертуге байланысты шығындар
 
      Облыстарға, аудандарға, қалаларға ат қою мен олардың аттарын өзгертуге байланысты шығындар бюджет қаражаты есебiнен жұмсалады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бастап күшiне енедi) Заңымен.

      7-бап. Ономастика комиссиялары
 
      Ономастика комиссиялары Қазақстан Республикасының аумағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмдерiн беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау жөнiндегi жұмысты ретке келтiру мақсатында құрылады.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi жанынан Республикалық ономастика комиссиясы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жанынан облыстық ономастика комиссиялары, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары құрылады.
      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.01.2013 № 72-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      8-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердi есепке алу мен
              тiркеу, оларды есептi деректерден шығару

      Тұрақты халқының саны елу адамнан асатын және дербес елдi мекендер деп саналатын қоныстар есепке алынады және тiркелуге жатады.
      Қызметтiк мақсаттағы объектiлер болып табылатын жалғыз үйлер, фермалар, қоныстар (орманшылардың, жол қараушылардың, жол шеберлерiнiң үйлерi, зайымкелер, қыстаулар, дала қостары, метеостансалар және т.б.) әкiмшiлiк немесе аумақтық тұрғыдан байланысты елдi мекендер құрамында есепке алынады.
      Қалалардың, кенттердiң немесе ауылдардың құрамына енгiзiлген және олардың бiр бөлiгiне айналған елдi мекендер, сондай-ақ тұрғындарының бәрi кетiп қалған немесе қоныс аударған қоныстар дербес әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер мәртебесiнен айырылады және есептi деректерден шығарылады.
      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бастап күшiне енедi) Заңымен.

2 бөлiм. ӘКIМШIЛIК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРIН ШЕШУ
ЖӨНIНДЕГI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРГАНДАРДЫҢ ӨКIЛЕТТIКТЕРI

      9-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң
              өкiлеттiктерi
 
      Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша және жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың пiкiрiн ескере отырып:
      1) облыстар мен аудандарды құрады және таратады, олардың әкiмшiлiк орталықтарын белгiлейдi және көшiредi;
      2) республикалық маңызы бар облыстар мен  қалалардың шекараларын белгiлейдi және өзгертедi;
      3) елдi мекендердi республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың санаттарына жатқызады, олардың бағыныстылығын белгiлейдi және өзгертедi;
      4) облыстарға, аудандар мен қалаларға ат қою және олардың атын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту мәселелерiн шешедi;
      5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 19.12.1995 № 2691 Жарлығымен, өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгiзiледi); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) Қазақстан Республикасының Президентiне облыстар мен аудандарды құру және тарату, олардың әкiмшiлiк орталықтарын белгiлеу және өзгерту, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың шекараларын белгiлеу және өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
      2) Қазақстан Республикасының Президентiне елдi мекендердi республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың категорияларына жатқызу, олардың бағыныстылығын белгiлеу және өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
      3) Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмдерiн беру қағидаларын бекiтедi;
      4) Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негiзiнде және тиiстi аумақ халқының, оның жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының пiкiрiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президентiне облыстарға, аудандарға, қалаларға атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
      4-1) Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмдерiн беру туралы шешiм қабылдайды;
      5) <*>
      6) өзiне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 19.12.1995 № 2691 Жарлығымен; өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бастап күшiне енедi); 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгiзiледi); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

3 бөлiм. ЖЕРГIЛIКТI ӨКIЛДI ЖӘНЕ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ
ӘКIМШIЛIК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРIН ШЕШУ ЖӨНIНДЕГI
ӨКIЛЕТТIКТЕРI

      11-бап. Облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың
               өкiлеттiктерi
 
      Облыстық өкiлдi және атқарушы органдар бiрлескен шешiмiмен:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне облыстың шекарасын өзгерту туралы, облыс аудандарын құру және тарату, олардың әкiмшiлiк орталықтарын белгiлеу және көшiру туралы, елдi мекендердi республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың категорияларына жатқызу туралы ұсыныстар енгiзедi;
      2) Үкiметiмен келiсiм бойынша облыс аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың шекараларын белгiлейдi және өзгертедi; сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердiң шекараларын белгiлейдi және өзгертедi; кенттердi, ауылдарды бiр ауданнан екiншi ауданға немесе қалалық өкiмет органдарының әкiмшiлiк бағынысына беру туралы мәселелердi шешедi;
      3) аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) өкiлдi және атқарушы органдарының пiкiрiн ескере отырып, қала емес елдi мекендердi осы Заңмен белгiленген басқа елдi мекендердiң категорияларына жатқызады; кенттердi, ауылдарды, ауылдық округтердi құрады, таратады және қайта құрады, сондай-ақ олардың бағыныстылығын өзгертедi;
      4) тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, аудандардың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негiзiнде ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнiндегi мәселелердi шешедi;
      4-1) тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негiзiнде облыстық маңызы бар қалалардың қаладағы аудандарына, құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнiндегi мәселелердi шешедi;
      4-2) Республикалық ономастика комиссиясының қарауына әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, метрополитен стансаларына, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмдерiн беру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Облыстық атқарушы органдар аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстардың шекараларындағы қазiргi және жаңадан құрылатын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер мен жекелеген елдi мекендердi есепке алады және тiркейдi, сондай-ақ оларды есептi деректерден шығарады.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 19.12.1995 № 2691 Жарлығымен, өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бастап күшiне енедi), 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгiзiледi); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      12-бап. Аудандық өкiлдi және атқарушы органдардың
               өкiлеттiктерi
 
      Аудандық өкiлдi және атқарушы органдар бiрлескен шешiмiмен:
      1) облыстық өкiлдi және атқарушы органдарына елдi мекендердi аудандық маңызы бар қалалардың категорияларына жатқызу туралы ұсыныстар енгiзедi;
      2) облыстық өкiлдi және атқарушы органдарға елдi мекендердi кенттер немесе ауылдар категорияларына жатқызу туралы; кенттердi немесе ауылдарды құру немесе қайта құру, олардың бағыныстылығын өзгерту, оларды есепке алу және тiркеу туралы ұсыныстар енгiзедi;
      3) кенттер мен ауылдардың басқару органдарының пiкiрiн ескере отырып, осы елдi мекендердiң шекараларын белгiлейдi және өзгертедi;
      4) облыстық өкiлдi және атқарушы органдарға аудандардың ауылдық округтердiң шекараларын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
      5) тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, облыстық өкiлдi және атқарушы органдарға кенттерге, ауылдық округтерге, ауылдарға ат қою және олардың атын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
      5-1) тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негiзiнде аудандық маңызы бар қаланың құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнiндегi мәселелердi шешедi;
      6) <*>
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Аудандық атқарушы органдар аудан шекараларындағы қазiргi және жаңадан құрылатын елдi мекендердi есепке алуды және тiркеудi жүзеге асырады, сондай-ақ оларды есептi деректерден шығарады.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бастап күшiне енедi); 09.02.2009 № 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз); 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгiзiледi); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      13-бап. Қалалық өкiлдi және атқарушы органдардың
               өкiлеттiктерi
 
      Қалалық өкiлдi және атқарушы органдар бiрлескен шешiмiмен:
      1) облыстық өкiлдi және атқарушы органдарға қалаларды республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар категорияларға жатқызу туралы ұсыныстар енгiзедi;
      2) облыстық өкiлдi және атқарушы органдарына, ал республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкiлдi және атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Үкiметiне қалалар шекараларын өзгерту жөнiнде, соның iшiнде олардың құрамына жеке елдi мекендердi енгiзу туралы ұсыныстар енгiзедi;
      3) қаладағы аудандарды құрады және таратады, олардың шекараларын белгiлейдi және өзгертедi;
      4) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары:
      тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясымен келiсiлген республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиясының қорытындысы негiзiнде республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қаладағы аудандарына, құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнiндегi мәселелердi шешедi;
      Республикалық ономастика комиссиясының қарауына әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, метрополитен стансаларына, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмдерiн беру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      5) қаладағы аудандардың, алаңдардың, даңғылдардың, бульварлардың, көшелердiң, тұйық көшелердiң, саябақтардың, скверлердiң, көпiрлердiң және қаланың басқа да құрамды бөлiктерiнiң атауы және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту жөнiндегi жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етедi;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 19.12.1995 № 2691 Жарлығымен; өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бастап күшiне енедi); 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгiзiледi); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      14-бап. Кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң өкiлеттiктерi

      Кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi:
      1) аудандық өкiлдi және атқарушы органдарға осы елдi мекендердi кенттер, ауылдар категорияларына жатқызу туралы, оларды тарату және қайта құру туралы ұсыныстар енгiзедi;
      2) тиiстi елдi мекен халқының пiкiрiн ескере отырып, аудандық өкiлдi және атқарушы органдарға кенттерге, ауылдық округтерге, ауылдарға ат қою және олардың атын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
      3) аудандық өкiлдi және атқарушы органдарға кенттердiң, ауылдық округтердiң, ауылдардың шекараларын белгiлеу және өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
      4) тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негiзiнде осы елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнiндегi мәселелердi шешедi.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 19.12.1995 № 2691 Жарлығымен; өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 09.02.2009 № 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      14-1-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елдi мекендердiң
                 құрамдас бөлiктерiне атау беру және оларды қайта
                 атау, сондай-ақ олардың атауларының
                 транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезiнде
                 тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескеру

      1. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезiнде тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескерудi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзедi.
      2. Тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескеру қорытындылары бойынша жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар бiрлескен шешiммен әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнiндегi ұсыныстарды тиiстi ономастика комиссияларының қарауына енгiзедi.
      Ескерту. 3-бөлiм 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

4 бөлiм. ӘКIМШIЛIК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРIН ҚАРАУ
ҮШIН ҚАЖЕТТI ҚҰЖАТТАР МЕН МАТЕРИАЛДАР

      15-бап. Аймақтық деңгейде әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс
               мәселелерiн шешу үшiн қажеттi құжаттар мен
               материалдардың тiзбегi
 
      Аймақтық деңгейде әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу үшiн:
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi немесе облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың мәселенi өз мәнiсiнде шешетiн (бiрлескен) ұсынымы;
      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң енгiзiлетiн ұсыныс жөнiндегi тиiстi өтiнiшi және оның тиiмдi екендiгiнiң негiздемесi, өзгертiлетiн аумақтың көлемi, онда тұратын халықтың саны туралы мәлiметтер, негiзгi заңды тұлғалардың тiзбесi, олардың өндiрiстiк көрсеткiштерi, бұлардың әрқайсысында iстейтiн жұмысшылардың саны, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құрылымы мен штаттары туралы, қайта ұйымдастыруға байланысты олардың өзгеруi туралы мәселенi өз мәнiсiнде шешу үшiн қажеттi барлық басқа мәлiметтерi бар ұсынымы;
      3) жергiлiктi (облыстық, аудандық, қалалық) өкiлдi және атқарушы органдардың, кенттер, ауылдар , ауылдық округтер әкiмдерiнiң қаралатын мәселе жөнiндегi ұсыныстары;
      4) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жаңа шекаралары, мәселенi өз мәнiсiнде шешу үшiн маңызы бар өзге де жағырапиялық деректер көрсетiлген схемалық карта қажет. Картаға Үкiметiнiң өкiлi, сондай-ақ аумақтық қабылдайтын және беретiн өкiлдi және атқарушы органдардың басшылары қол қояды, қойылған қолдар мөрмен куәландырылады;
      5) жүргiзiлетiн қайта құрулар мен аттарын өзгерту жөнiндегi ғылыми сараптаманың актiсi және экономикалық есеп-қисап қажет.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 19.12.1995 № 2691 Жарлығымен; 09.02.2009 № 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      16-бап. Аумақтар шегiнде әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс
               мәселелерiн шешу үшiн қажеттi құжаттар мен
               материалдардың тiзбесi
 
      1) мәселенi өз мәнiсiнде шешетiн өкiлдi және атқарушы органның бiрлескен қаулысы;
      2) шешiлетiн мәселенiң мәнiсiне қатысты азаматтар конференцияларының хаттамалары;
      3) енгiзiлетiн ұсыныс тиiмдiлiгiнiң негiздемесi, өзгертiлетiн аумақ, оның халқының саны туралы мәлiметтер, елдi мекендердiң өнеркәсiптiк және басқа да объектiлердiң тiзбесi, сондай-ақ мәселенi өз мәнiсiнде шешу үшiн қажеттi барлық басқа мәлiметтерi бар түсiндiрме жазбаша хат;
      4) елдi мекендердiң жаңа шекаралары және мәселенi өз мәнiсiнде шешу үшiн маңызы бар өзге де жағырапиялық деректерi көрсетiлген схемалық карта. Картаға өзгертiлетiн аумақтың өкiлдi және атқарушы органдарының басшылары қол қояды;
      5) жүргiзiлетiн қайта құрулар мен аттарын өзгерту жөнiндегi ғылыми сараптаманың актiсi және экономикалық есеп-қисап.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi


2014-06-23 04:17:22

СЕНIМ ТЕЛЕФОНЫ
32-91-74
CALL CENTER

Жаңалықтар мұрағаты

акорда 100 100

СұрақСұрақтар мұрағаты

Ауданның қандай мәселесі Сізді көбірек алаңдатады?
Дауыс берді: 42
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайты
Стратегиясы Қазақстан 2050
ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
Павлодар облысының әкімдігі
Халықтық IPO бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
Қазақстан Стратегиясы 2050
Центр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан
EXPO 2017
Назарбаев орталығы
ҚР Әділет министрлігі
ҚАЗТЕСТ
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
Отау ТВ
Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
Мүлікті жария ету
«Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
Сот кабинеті
Рухани әлем
Астана экономикалық форумы
  • Мекенжайы

    Павлодар қаласы,
    Қайырбаев көшесі, 32

  • Телефон

    8 (7182) 32-67-81
    32-81-14

  • E-mail

    tilder32@gmail.com

  • Соц. сети