Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
Басты Іс-шаралар жоспары «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының» 2018 жылы орындалуы туралы ақпарат

«Тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының» 2018 жылы орындалуы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасының Павлодар облысында 2017-2019 жылдар аралығында

орындалу барысы бойынша 2018 жылға арналған

АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 110 Жарлығын орындау мақсатында 2017 жылғы 21 ақпанда облыс әкімдігінің «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» № 31/2 қаулысы қабылданды.

Мемлекеттік бағдарламаның мақсатты индикаторларының көрсеткіштеріне жету мен мемлекеттік және басқа да тілдерді дамытуға бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыру жөнінде жұмыстар жүргізілді.

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес облыста келесі негізгі индикаторлар іске асырылды:

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін ұлғайту – 84%;

Мемлекеттiк тiлдi В1 деңгейiнде меңгерген мектеп түлектерiнiң үлесi – 82,2%;

Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесін ұлғайту – 65%;

Тұрғындардың ономастикалық жұмыспен қанағаттану дәрежесі – 80%;

Орыс тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесін ұлғайту – 98,6%;

Этномәдени бірлестіктер жанындағы ана тілдерін оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесін ұлғайту – 72%;

Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесін ұлғайту -  23%;

Үш тілдімеңгерген ересек тұрғындардың үлесін ұлғайту - 20%.

Жалпы Павлодар облысы бойынша 754778 адам тұрады. Оның 51,7 пайызы қазақ ұлты, қалған 48,3 пайызы өзге этнос өкілдері. Аймағымыздағы осы ұлттық ерекшеліктер ескеріле отырып, мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді. Мемлекеттік бағдарламаның үшінші кезеңіне негізделген бұл жоспарға сәйкес 4 бағыттан тұратын келесі іс-шаралар атқарылды.

 I БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚСАТ

Жоспардың «Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы» атты бірінші мақсатын жүзеге асыру үшін келесі міндеттер белгіленді:

  1. Мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау;
  2. Мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру.

Бағдарламалық мақсаттың шеңберінде келесі шаралар іске асырылды:

1. Облыстың барлық санаттағы азаматтарына және мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік тілді тегін оқыту ұйымдастырылды;

2. Аудармашылар мен іс жүргізушілерге семинар өткізілді;

3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді;

4. Қазақ тілін оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды;

5. Онлайн режимі арқылы оқыту орталықтары оқытушыларының қазақ тілін оқыту біліктілігін арттыру бойынша семинарлар өткізілді, соның ішінде 2018 жылы Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша «Қазақ тілін жаңаша жаңғыртып оқытудың әлеуметтік мәні мен маңызы», «Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту жүйесі: әдіснамасы мен әдістемесі», «Академиялық жазылым дағдыларын қалыптастыру тәсілдері», «Оқылым мен жазылым жұмыстары арқылы сыни ойлауды дамыту және емле ережелері», сондай-ақ «Маманның кәсіби қызметіндегі іскерлік жазбаша қатысым тілі» тақырыптарында семинарлар өтті.

Жалпы облыс бойынша 35 оқыту орталығы қызмет етеді. Оның 11-і мемлекеттік тілді, 31-і ағылшын тілін, 13-і басқа тілдерді оқытуға бағытталған.

Жыл сайын мақсатты бөлінген қаражат есебінен барлық санаттағы азаматтарға қазақ тілін тегін оқыту курстары ұйымдастырылды. 2018 жылы мемлекеттік тілге 12230 адам оқытылды (бағдарлама шеңберінде: 424 барлық санаттағы азаматтар, 50 мемлекеттік қызметші қазақ тіліне, 75 мемлекеттік қызметші ағылшын тіліне).

Жалпы 2018 жылға бағдарлама шеңберінде оқытуға 8 млн. 25 мың теңге, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда – 23 млн. 040  мың теңге бөлінді.

Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау «Қазтест» жүйесі бойынша мониторинг жүргізілді. Жалпы 2018 жылы тестілеуден 2293 адам өтті, оның 759-ы - мемлекеттік қызметшілер. Жалпы, мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі 21,7%, С1 деңгейінде – 1,5%.

Ақсу қаласы, Тереңкөл, Ертіс, Железин аудандарында іс жүргізушілерге, аудармашылар мен қазақ тілі оқытушыларына арналған «Аударма мәдениеті, ресми құжат сауаттылығы мен мемлекеттік тілді сапалы оқыту жолдары» атты облыстық көшпелі семинарлар ұйымдастырылды.

2018 жылғы 14-25 мамыр аралығында Ертіс пен Тереңкөл аудандары өкілдерінің қатысуымен «Тіл керуені» тілдік жобасы іске асырылды. Бұл жоба тілдік-туристік-мәдени кластер ретінде, сонымен қатар әр түрлі жастағы, қазақ тілін әр түрлі деңгейде меңгерген адамдар жазғы/қысқы және жылдың басқа да мезгілінде тілді, мәдениетті үйрену, өңірдің тарихымен танысу мақсатында ұйымдастырылды. Тұтастай алғанда тілдік жобада 300-ден аса адам қамтылды. «Тіл керуені – 2018» тілдік жобасының жазғы маусымының жабылу рәсімі 2018 жылғы 25 тамызда Ақсу қаласының орталық саябағындағы үлкен сахнада ұйымдастырылды. «Тіл керуені» жобасының қатысушыларының жыл бойы тіл үйрену тәжірбиелерін жазда, фестиваль барысында халықтың назарына ұсыну дәстүрге айналған. Фестиваль қатысушылары Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары және Ертіс, Железин, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарынының қатысушылары қазақ тілі арқылы қазақ халқының тарихын, мәдениетін және салт-дәстүрлерін үйреніп, өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар 2018 жылғы 16-20 сәуір аралығында Ресей Федерациясы Новосібір облысы Қарасуық ауданында тегін қазақ тілін оқыту курстары ұйымдастырылды.

Аталған курсқа жергілікті 50 қазақ диаспора мүшелері тартылып, оқытумен қатар қазақ халқының әдеп-ғұрпы, салт-дәстүрлерімен таныс болды. Қазақ тілін меңгеруге арналған курстарды көптеген оқу-әдістемелік құралдардың авторы, кітаптарды әзірлеуші, тәжірибелі қазақ тілі маманы Ш.Д. Кинжикова жүргізді. Сабақ барысында нақты тілдік ортада ситуативтік қарым-қатынас үрдісі арқылы қазақ тілінде сөйлеуге жағдай жасалып, курс соңында барлық қатысушыларға оқу-әдістемелік кешенді қамтитын (қазақ тілінен оқулық пен диск) үлестірме материалдары таратылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасында «Күн сәулесі», жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Тілдік келісім», «Изучаем всей семьей», «Отбасымен бірге үш тілді үйренейік» атты отбасылық тілдік бранч атты жобалар жүзеге асырылды. Жалпы аталған жобалар аясында 150 адам оқытылды.

          II БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚСАТ

          Жоспардың «Мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануы» атты мақсатын іске асыруға сәйкес төмендегі міндеттер белгіленіп, тиісті шаралар ұйымдастырылды:

          1. Мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру;

          2. Мемлекеттік тілге сұранысты арттыру.

          Осы міндеттерді іске асыру үшін ең алдымен мемлекеттік тілде іс қағаздары жағдайына бақылау жүргізумен қатар, мемлекеттік тілде құжат әзірлеуді тиісті деңгейге көтеру үшін оқу-әдістемелік көмек көрсетілді, себебі құжаттарды мемлекеттік тілде дайындау жөнінде қатаң талап қойылуда. Тіл заңнамаларының орындалу барысын анықтау мақсатында нысаналы индикаторлардың тілдік жағдайы бойынша қала, аудандарға және облыс мемлекеттік органдарға мониторинг жүргізіледі.

          Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдарындағы құжат айналымының мемлекеттік тілдегі көрсеткіші – 100%-ды құрайды.

          Павлодар облысы тұрғындары арасында тілдерді дамыту мен қолдануға бағытталған мемлекеттік саясатты жетілдіру үшін тілдік ахуал туралы деректер қорын қалыптастыру жөніндегі әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізілді.

          Қазақстан Республикасы заңнамасының мемлекеттік тілде және басқа тілдердегі телехабарлар көлемінің арақатынасын сақтау жөніндегі талаптарының орындалуын қамтамасыз ету тілдерді дамыту жөніндегі және ішкі саясат басқармаларының бақылауында. Қазіргі уақытта облыс бойынша хабар тарататын телеарналардағы қазақ тіліндегі бағдарламалардың көлемі 65%-дан астам көрсеткішке жеткізілді.

          Мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң кеңiнен қолдануына қол жеткiзу үшін «ERTIS» телеарнасында ақпараттық-танымдық бағдарламалар және облыстық радиода «Мемлекеттік тіл және отбасы» хабарлары дайындалды. «Tildes.gov.kz» Web-сайты екі тілде қызмет атқарды. Аймақтық БАҚ-та Павлодар облысында мемлекеттік тіл саясатының іске асырылу барысы туралы мақалалар сериясы жарияланды.

          Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі 2 жұмыс тобы отырысы өткізіліп, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдары басшыларының есептері тыңдалды.

          Қазақстан халқы тілдерінің ХХ республикалық фестивалі және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру шеңберінде Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен 24 тамыз бен 7 қыркүйек аралығы Павлодар облысында «Тілдер онкүндігі» деп жарияланды. Жалпы аталған тілдер онкүндігі шеңберінде облыстың қалалары мен аудандарында елімізде тұратын этнос өкілдерінің мәдениетін, тарихын және тұрмысын насихаттайтын 150-ден астам іс-шара, сондай-ақ тілдерді меңгеруге арналған байқаулар, дөңгелек үстелдер, концерттік бағдарламалар мен конференциялар ұйымдастырылды. Онкүндіктің ресми ашылуы 24 тамыз күні «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалында «Мемлекеттік тілде үздік қызмет көрсету» облыстық конкурсымен ашылып, 7 қыркүйекте «Тіл – достық құралы» атты концерттік бағдарламамен аяқталды.

          Сонымен қатар Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру (бірінші кезең: 2018-2020 жылдар, екінші кезең: 2021-2023 жылдар, үшінші кезең: 2024-2025 жылдар) жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес өңірде латын әліпбиін ілгерілету бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

          Облыстық түсіндіру тобының мүшелерімен облыс бойынша жаңа әліпбиге көшу мәселесі жөнінде кездесулер өткізіліп, республикалық, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында латын әлібиіне қатысты 1000-ға жуық мақала мен пікірлер жарияланды.

          Облыстық жоспардың бірінші кезеңі және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Латын графикасына көшудің ұтымды тұстары» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталған жиынға зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалымдары, тіл жанашырлары қатысты. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты латын тілінің қазіргі заманауи технологиялық ортаның, коммуникацияның, XXI ғасырдағы ғылым, білім және ұлтаралық қатынас тілі екенін, жаңа мамандардың ашықтық, прагматизм мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы басты факторларын айқындау болып табылды.

          Мемлекеттік тілде сөйлеушінің беделді бейнесін қалыптастыруда үкіметтік емес секторды тарту арқылы шығармашыл әлеуетін арттыру және қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына кезең-кезеңімен көшуді насихаттау мақсатында шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен «Қазақ тілінің латын графикасына көшу тиімділігі» атты диалогтық алаң өтті. Осыған байланысты диалогтық алаңда қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшу мәселесі бойынша тиімділігінің үш негізгі аспектілері талқыланды: қазақ тілінің жаңғыруы; заманауи ақпараттық технологиялар кезеңдегі интеграция мүмкіндіктерін кеңейту; шет тілдерін игеру мүмкіндігі.

          Сонымен қатар шара барысында қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына кезең-кезеңімен көшудегі негізі аспектілерін атай отыра, облыс тұрғындарының арасында ақпараттандыру мен жаппай ілгерілетудің тиімді тетіктерін талқылаудан өтті.

          «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты тақырыбында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы белсенді мүшелерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Елбасының үштілділікті дамыту, латын әліпбиіне көшу, терминология мәселесі талқыланып, тіл жанашырларының пікірлері тыңдалды.

          Латын әліпбиін енгізу процесіне өңір жастары белсенді қатысып, қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшуі және Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерді одан әрі жүзеге асыру туралы өз пікірлерімен және идеяларымен бөліседі. Осы орайда жоғары оқу орындарының студент жастарымен «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты пікірсайыс ұйымдастырылды. Шараға жастар бастамаларын дамыту орталығының өкілдері, жоғары оқу орындары мен колледждердің белсенді студенттері қатысып, өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.

          С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшірудің мәртебесін, латын әліпбиін енгізу туралы халықты ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатында «Латынша жазамыз» акциясы өтті. Акцияға облыстың кез-келген азаматы қатысып, латын әліпбиінде диктант жазу сауаттылығын тексере алды.

          «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Тәрбие және білім» атты базалық бағдары аясында «Ана тілі» орталығында мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілеріне арналған тайм-менеджмент тренингі ұйымдастырылды. Қазақстандық патриотизм рухындағы тәрбиенің рөлін күшейту, тәрбие мен оқытудың арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған тайм-менеджмент тренингіне Павлодар қаласындағы балабақшалардың тәрбиешілері мен әдіскерлері қатысты. Тренинг барысында мектепке дейінгі білім беру саласындағы жас ұрпақтың туған өлкеге деген сүйіспеншілікке, тілге, тарихқа және мәдениетке деген құрметті, жалпыұлттық патриотизмді оқыту мен тәрбилеуді қалыптастыруға бағытталған табыстау, жоспарлау, мақсатты тұжырымдауды дамыту сынды мәселелер қарастырылды.

          Латын әліпбиін енгізу мен қолданудың орындылығын, артықшылығын насихаттау, мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыру бағытында күн санап өзгеріп жатқан дүниетанымымызды заман талабына сай икемдеу қажеттілігін түсіндіру мақсатында «Барлық санаттағы азаматтарды қазақ тіліне оқыту» курстарында «Тіл білімі және латын әліпбиі» және «Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» тақырыптарында дәрістер және қазақ тілін оқытатын педагогтардың біліктілігін арттыруға бағытталған «Тіл білімі және латын әліпбиі» тақырыбындағы облыстық онлайн семинар өткізілді.

          Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде және қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіруді түсіндіру, насихаттау, ілгерілету бойынша 2018 жылғы 25 қазанда Достық үйінде «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» атты республикалық ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Конференцияны Павлодар облысы әкімдігінің қолдауымен облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырды.

          Конференцияның мақсаты – қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіруді талқылау, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғалымдардың аталмыш тақырыптардағы көзқарастары мен ғылыми ізденістерін тыңдау, заманауи ғылыми ақпаратпен алмасу.

          Аталған шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Қ.Қ. Борашев, сондай-ақ Қазақстан мен шетел ғалымдары, өңірлік тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, Павлодар облысындағы қала, аудан әкімдерінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарлары, жергілікті жоғары оқу орындарының ректорлары мен ғалымдары, сала мамандары, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

          Шарада негізгі спикерлер ретінде А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры – Қажыбек Ерден Задаұлы, Әзірбайжан Республикасы, Баку мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы – Ағаева Фируза Абдуллақызы, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының кеңесшісі – Оразкүл Асанғазы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы – Бекен Сағындықұлы, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты – Зейнулина Айман Файзоллақызы қатысты.

          Латын графикасына көшу – бұл жалпы еліміздегі тіл саясаты үшін ғана емес экономика, халықаралық байланыс, ұлтаралық қатынас сияқты өзге де маңызды факторларға ерекше әсер ететін құбылыс. Осы орайда конференцияда латын графикасына ауысқан түркі тілдес мемлекеттердің тәжірибесі, жаңа заман талабына сәйкес елдің рухани жаңғыруындағы латын әліпбиіне көшудің рөлі, сонымен қатар өңірімізде бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.

          Сонымен қатар ағымдағы жылдың 14 қарашасында сағат 11.00-де республика бойынша бір уақытта Жалпыхалықтық диктант жазу ұйымдастырылды.

          Диктанттың мақсаты: латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу.

          Облыс бойынша диктантқа 15 жастан асқан, 82 532 адам қатысты.

          Аталған шара Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университетінде, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде, Достық үйінде, «Нұр Отан» партиясы облыстық ғимаратында, облысымыздың басқа да қала, аудандарында ұйымдастырылды. Сондай-ақ диктант барлық білім беру мекемелерінде, түрлі деңгейдегі ұйымдар мен кәсіпорындарда жұмыс орындарында өткізілді.

          Жалпы өңірде қазақ тілінің әліпбиін латын графигіне кезең-кезеңмен көшуін түсіндіру, насихаттау және ілгерілету бойынша шаралар кешені тұрақты түрде жүргізілуде.

         III БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚСАТ

        Жоспардың «Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті» атты үшінші мақсатты іске асыруға сәйкес төмендегі шаралар іске асырылды:

          1. Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу;

          2. Тіл мәдениетін жетілдіру.

          Еліміз егемендігін алып, тәуелсіз ел болғаннан бері ономастика мәселесіне қатысты жұмыстар да қайта қолға алынып келеді. Себебі, елдігіміз бен егемендігіміздің айнасы – жер-су атаулары болса, ол атаулардың құндылығын сақтап, қалпына келтіру бәріміздің басты міндетіміз.

          2018 жылы бекітілген жоспарға сәйкес облыстық ономастика комиссиясының 2 отырысы өтіп, ауылдарға қарасты алғашқы отырыста 48 көше мен 4 ауылдың атауын өзгерту мәселесі оң қорытындыға ие болды. Бұдан өзге облыстың өкілді және атқарушы органдарының бірлескен қаулысы мен шешімі негізінде Павлодар қаласының Кутузов көшесі «Тәуелсіздік» даңғылына, Ленин көшесі «Астана» атауына өзгертіліп, Екібастұз қаласының 20 көшесі қайта аталлды. Сонымен қатар жыл басынан бері Качир, Лебяжі аудандарының атауын өзгерту туралы жұмыстар заңнамалық актілерге сәйкес жүйелі түрде жүргізіліп, ағымдағы жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде «Тереңкөл», «Аққулы» аудандары болып қайта аталды. ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясында қолдау тапқан Павлодар қаласының Суворов көшесін Малайсары батырға, Айманов пен Торайғыров көшелерінің қиылысында орналасқан атауы жоқ көшеге Баян батырдың есімін беруге қатысты құжаттар пысықталып, облыстық мәслихатта қаралды.

          Жалпы алғанда 2018 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін облысымызда 72 көше мен 6 елді мекеннің атауы өзгертілді. 

          Осыдан өзге қазіргі уақытта Железин ауданының Железин № 3 орта білім беру мектебіне Міржақып Дулатұлының және Екібастұз қаласының М.И. Глинка атындағы балалар музыка мектебіне Естай Беркімбайұлының есімдерін беру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы әзірленуде.

          Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21-бабы бойынша барлық көрнекі ақпарат екі тілде орындалуы тиіс. Бұл бағытта облыс қала, аудан көшелерінде көрнекі ақпараттардың сауатты ресімделуін үнемі қадағалау мақсатында рейдтер жүргізілді. 2018 жылы 4260 объект қамтылып, 169 ұсыным хат жіберілді.

          2016 жылы  көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнама мәтіндеріне тілдік сараптама жүргізу жөнінде арнайы комиссия құрамы құрылған. Ағымдағы жылы оның 2 отырысы өтті.

          Халыққа қызмет көрсету салаларының басшылары мен өкілдерімен жыл сайын тұрақты түрде семинарлар, кеңестер, кездесулер ұйымдастырылуда.

          Осылайша, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде халыққа қызмет көрсету үрдісінде мемлекеттiк тiлдi қолданудың мәртебесiн асыру және халықпен жұмыс жасау барысында сапалы қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында «Саналы қоғам талабы – сапалы қызмет», «Қызмет көрсету жүйесіндегі мемлекеттік тілдің маңыздылығы» атты кеңауқымды семинарлар өткізілді. Семинарларға құзырлы органдардың (әділет, прокуратура, мемлекеттік кірістер департаменті), Павлодар облысы бойынша Банк филиалдарының, Павлодар қаласы бойынша ломбард мекемелерінің, ірі сауда орталықтарының, қонақүй кешендерінің және «Қазпошта» АҚ-ның, халыққа қызмет көрсету орталығының, Павлодар қаласындағы трамвай және автопарк, автобекет мекемелерінің, «Қазақтелеком» АҚ-ның өкілдері және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Сонымен қатар қала тұрғындарын тасымалдайтын барлық қоғамдық көліктерде (автобус, трамвай) жолаушылар мен кондукторлардың назарына үш тілде сөйлеу модельдері жазылған көрнекі ақпарат орналастырылған, барлық аялдамалар мемлекеттік және ресми тілдерінде хабарланады.

          Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын барынша кеңейту және қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық саласына енгізу мақсатында облыс қалаларының сауда үйлерінде «Қазақшаңыз қалай?» акциялары ұйымдастырылды.

          Басқарма тарапынан сауда-саттық қызмет көрсету саласында: сауда орталықтарында, дүкендерде, дүңгіршектерде және асхана, мейрамханаларда меншік нысанына қарамастан (қызмет көрсету, тауар атаулары, ас мәзірі т.б.) тіл заңнамасының орындалуы ұдайы бақыланды.

                 IV. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚСАТ

  1. 1.   Коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қызмет етуі.
  2. 2.   Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау.
  3. 3.   Ағылшын және басқа да шет тілдерін меңгеру.

          Жоспардың «Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту» атты төртінші мақсатты іске асыруға сәйкес облысымызда «Түркі тілдес халықтар жазбалары», «Славян жазбалары» күндері, Ұлттық жаңғыру мектебімен бірлесіп «Мың бала» атты республикалық жоба және басқада шаралар ұйымдастырылды.

          Облыс бойынша 24 этномәдени бірлестік, 83 филиал қызмет етеді. 2016-2017 оқу жылында қазақ тілінде оқытатын мектептерде 599 этнос балалары, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде – 1967, жоғарғы оқу орындарында – 38 этнос балалары білім алуда. Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде 15 ұлттық бөлімдерде және 2 мәдениет орталықтарда 415 оқушы өз тілдерінде оқып- үйренген.

          Осы мақсат аясында шет тiлдерiн оқыту процесiнiң ауқымды бiлiм беру кеңiстiгiн сақтау көзделген. Облыс бойынша барлық азаматтардың ағылшын тілін меңгеруге және бағдарламадағы индикаторларға қол жеткізу үшін көптеген жұмыстар ұйымдастырылды.

          2018 жылы ағылшын тіліне – 5820, басқа тілдерге – 2300 адам оқытылды. Өңірімізде тұратын этнос өкілдері өз тілдерін оқумен қатар мемлекеттік тілді оқуға қолдау көрсетеді.

          Бірнеше тілді жетік меңгерген, бәсекеге қабілетті жастарды қолдау, оларды тіл арқылы әмбебап, жаһандық құндылықтарға тәрбиелеу, басқа тілдермен қатар мемлекеттік тілдің өрісін одан әрі кеңейту мен насихаттау жолдарын талқылау мақсатында «Тіл парасат», «Тілшебері», «Тілдарын» және этнос жастарының қатысуымен ұлттық мәдениеттер мен тілдерді сақтау және дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер өткізілді.

          2018 жылғы 12 желтоқсанда  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай  дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел отырысына облыстың этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері,  Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалының мүшелері, "Нұр Отан" облыстық партиясы жанындағы "Мирас" қоғамдық кеңесінің өкілдері, тіл жанашырлары, мемлекеттік тілді жетік меңгерген облыстың этнос жастары, сондай-ақ республикалық конкурстардың жеңімпаздары қатысты. Шара барысында мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқан тұлғалар мен "Латынша жазамыз" акциясының қатысушылары марапатталды.

      2019 жылға қойылған міндеттер

           «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» іске асыру мақсатында 2019 жылы облыстың барлық санаттағы азаматтарын оқыту жалғасады, іс жүргізушілер мен аудармашыларға арналған семинарлар өткізіледі, қолданыстағы заңнамалар талаптарына сәйкес қазақ тілі оқытушыларының біліктіліктерін арттыру, сондай-ақ ағылшын тілін кеңейту курстары жалғасын табатын болады.

          Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау және іске асыру мақсатында этнос тілдерін сақтау мен дамытуға бағытталған шаралар өткізіледі.

            Қазақ тілінде сөйлейтін, оның ішінде ұлты қазақ емес танымал отбасыларын тарта отырып, PR-технологиясын қолданып, мемлекеттік тілді танымал ету жұмыстарын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

          Халық арасында мемлекеттік тілді танымал ету және іс-қағаздарын мемлекеттік тілге көшіруді жеделдету, сонымен қатар қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру мақсатында қазақ тілін насихаттау жөніндегі іс-шаралар, қоғамдық қозғалыстар, бірлескен акциялар мен жобалар өткізілетін болады.

          Өңірдегі ерекшеліктерді ескере отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын қалыптастыру үшін «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» орыстілді азаматтарға мемлекеттік тілді насихаттауға арналған іс-шаралар, түрлі тілге қатысты конкурстар, конференциялар, концерттік бағдарламалар мен басқа да мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылады. 

          Облыстық іс-шаралар жоспары шеңберінде 2019 жылы бірнеше жаңа жобалар мен іс-шараларды іске асыру жоспарланып отыр:

          - латын графикасына негізделген «Латынша жазамыз» кең ауқымды акциясын;

          - «Мемлекеттік тіл және жастар» тақырыбында жастар арасында телеойынын;

          - балаларға арналған латын графикасындағы «Álippe» атты қазақ тілінің оқу кешенін іске асыру.


2019-01-25 11:38:09

СЕНIМ ТЕЛЕФОНЫ
32-91-74
CALL CENTER

Жаңалықтар мұрағаты

акорда 100 100

СұрақСұрақтар мұрағаты

Ауданның қандай мәселесі Сізді көбірек алаңдатады?
Дауыс берді: 42
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайты
Стратегиясы Қазақстан 2050
ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
Павлодар облысының әкімдігі
Халықтық IPO бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
Қазақстан Стратегиясы 2050
Центр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан
EXPO 2017
Назарбаев орталығы
ҚР Әділет министрлігі
ҚАЗТЕСТ
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
Отау ТВ
Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
Мүлікті жария ету
«Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
Сот кабинеті
Рухани әлем
Астана экономикалық форумы
  • Мекенжайы

    Павлодар қаласы,
    Қайырбаев көшесі, 32

  • Телефон

    8 (7182) 32-67-81
    32-81-14

  • E-mail

    tilder32@gmail.com

  • Соц. сети