Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
Басты Іс-шаралар жоспары «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының» 2015 жылы орындалуы туралы ақпарат

«Тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының» 2015 жылы орындалуы туралы ақпарат

Аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы мен кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығында тұрақты түрде «Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасы» тақырыбында дәрістер ұйымдастырылды.

Ақсу қаласы мен Ертіс, Качир, Железин  аудандарында аудармашылар мен іс жүргізуші мамандарға арналған семинарлар өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы 21-бабының орындалу барысын қадағалау мақсатында биылғы жылы 8636 объект қамтылып, 559 ұсыным хат жіберілді.

          «Көлік және байланыс, сауда, денсаулық сақтау және тұрмыстық қызмет көрсету, анықтамалық-ақпараттық қызмет салаларында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету» және «Электрондық үкімет шеңберінде электрондық қызмет көрсетудің барлық деңгейінде қазақ тілінің қолданылуын жетілдіру» тармақтарын жүзеге асыру мақсатында «Павлодарвокзалсервис» және «Сапаржай Павлодар» ЖШС-ларда ақпараттық-насихаттау күндері өткізілді. Жолаушылар тасымалдайтын трамвай вагондарында және ірі сауда үйлерінде ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21, 24-баптары жазылған аудиожазба орнатылып, қазақ тілін оқытуға жәрдемдесетін үш «тілашар трамвай» жолға шықты. Сондай-ақ қала ішінде қатынайтын автобустарда мемлекеттік тілді насихаттайтын роликтер айналымы жолға қойылды.

          Облыстық іс-шаралар жоспары шеңберінде «Ана тілі» орталығында ұйымдастырылған барлық санаттағы азаматтарға арналған қазақ тілін тегін оқыту курстарын 214 адам аяқтады, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге арналған курсқа 346 адам қамтылды. Жалпы облыста 15250 адам мемлекеттік тілге, 9535 адам ағылшын тіліне және 3404 адам басқа тілдерге (француз, испан, түрік, неміс, корей) оқытылды.

          Аймақта 21 оқыту орталығы қызмет етеді. Бүгінгі күні олардың қызметіне мониторинг жүргізіле отырып, тіл орталықтарын аккредиттеу жүйесінің әдіснамасын әзірлеу және аккредиттеу стандарттарының талабына сәйкес құжаттарды зерделеу бағытында дайындық жұмыстары жүзеге асырылуда.

          Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті жоғары оқу орындарының 33 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы біліктілікті арттыру курстарына қамтылды. Жаңа форматтағы деңгейлік курстарынан облыс мектептерінің 325 қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі өтті. Сондай-ақ онлайн режимі арқылы «Кәсіби қазақ тілін тиімді оқыту жолдары» және «Қазақ тілін оқыту кезінде жаңа технологияларды қолдану тәсілдері» тақырыбында қазақ тілін оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін арттыру семинарлары өткізілді. Қазақ хандығының 550 жылдығына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына, Конституцияның және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орайөңірімізде көптеген ірі бұқаралық мәдени, мерекелік, спорт және басқа да қоғамдық іс-шаралар өткізіліп, мемлекеттік тіл кеңінен қолданылды. Облыстық Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалы-драма театрында 108 қойылым, оның ішінде балалар мен жасөспірім көрермендер аудиториясына 47 спектакль мемлекеттік тілде көрсетілді.

          Халық арасында мемлекеттік тілді танымал ету мақсатында 2015 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қазақ халқының дәстүрі мен тілінің сақталуына арналған акциялар, форумдар, дебаттық қозғалыстар, «Жайдарман» ойындары өткізілді.

          Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын біркелкілікке жеткізу үшін өңірлік алшақтықтарды еңсеруге басымдық беру мақсатында «Қазақстанның бо-лашағы – қазақ тілінде» орыс тілді азаматтарға мемлекеттік тілді наси- хаттауға арналған іс-шаралар кешені жоспарланып, мемлекеттік тілді меңгерген этнос жастарының қатысуымен «Тіл – татулық тірегі» атты дөңгелек үстел және «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Қазақ тілін дамытудың тиімді механизмдері» тақырыбында ашық сұхбат алаңы өткізілді.

          Қазақ тілінде сөйлейтін, оның ішінде ұлты қазақ емес танымал отбасыларын тарта отырып, PR-технологиясын қолданып, мемлекеттік тілді танымал ету жұмыстары жүргізілуде. «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының облыстық кезеңіне ұлты қазақ емес отбасылар қатысып, «Жеті жетістік» номинациясында айтыскер, ақын, шешен мүшелері бар отбасылары марапатталды.

Мемлекеттік тілді насихаттай отырып, «Кел, жастар, оқылық» республикалық кампаниясы аясында Абай Құнанбайұлына 170 жыл толуына орай «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері этнос отбасылары мен жастары арасында «Жазғы оқу залын» өткізді. Ұлы ақынымыздың шығармашылығына арналған бұл шарада қатысушылар Абай өміріне кеңінен тоқталып, қара сөздерін мәнерлеп оқыды.     

Түркі тілдес халықтар жазбалары күні, славян жазбалары күндері, қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – халық жанын танудың кілті», орыс тілі білгірлерінің «Тіл – барлық білімнің кілті», үш тілді меңгерген жастар арасында «Тіл шебері», Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Ер есімі – ел есінде!» атты конкурстар, «Тілдарын» олимпиадасы, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы, этнос жастары арасында «Абай оқулары» және қазақ тіліндегі КВН ойындары өткізілді. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалымен бірлесе «Мемлекеттік тіл және жастар» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жасотандықтар өз ойларын ашық айтып, мемлекеттік тілдің этнос жастары арасында кеңінен дамыту үшін ұсыныстарын ортаға салды.

Қазақстан Республикасы заңнамасының мемлекеттік тілде және басқа тілдердегі телехабарлар көлемінің арақатынасын сақтау жөніндегі талаптары-ның орындалуын қамтамасыз ету басқарманың және облыс ішкі саясат басқармасының бақылауында. Қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі 57 %-ды құрайды.

Мемлекеттік тілді бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау мақсатында «Қазақстан-Павлодар» телеарнасында ақпараттық-танымдық бағдарламалар, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл саясаты» жарнамалық-имидждік роликтер және облыстық радиода «Мемлекеттік тіл және отбасы», «Тілім - менің тірегім», «Тілашар» хабарлары дайындалды. Сондай-ақ Павлодар облыстық қоғамдық «Ертіс дидары» газетінде және басқа да аймақтық БАҚ-та Павлодар облысында ұлтаралық және конфессияаралық келісімге бағытталған мемлекеттік тіл саясатының, мемлекеттің ішкі саясатының іске асырылу барысы туралы екі тілдегі мақалалар сериясы жарияланды. Мемлекеттік тіл саясатын насихаттайтын «tildes.gov.kz» Web-сайт қызметін, облыс мемлекеттік органдарының ресми сайттарында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету жұмыстары жалғастырылуда.

Биылғы жылы өткізілген шаралар «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына» сәйкес ұйымдастырылуда.


2016-10-21 10:54:30

СЕНIМ ТЕЛЕФОНЫ
32-91-74
CALL CENTER

Жаңалықтар мұрағаты

акорда 100 100

СұрақСұрақтар мұрағаты

Ауданның қандай мәселесі Сізді көбірек алаңдатады?
Дауыс берді: 42
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайты
Стратегиясы Қазақстан 2050
ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
Павлодар облысының әкімдігі
Халықтық IPO бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
Қазақстан Стратегиясы 2050
Центр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан
EXPO 2017
Назарбаев орталығы
ҚР Әділет министрлігі
ҚАЗТЕСТ
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
Отау ТВ
Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
Мүлікті жария ету
«Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
Сот кабинеті
Рухани әлем
Астана экономикалық форумы
  • Мекенжайы

    Павлодар қаласы,
    Қайырбаев көшесі, 32

  • Телефон

    8 (7182) 32-67-81
    32-81-14

  • E-mail

    tilder32@gmail.com

  • Соц. сети