Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
Басты Іс-шаралар жоспары Үштілділікті дамыту

Үштілділікті дамыту

Үштілділікті дамыту

 Мемлекеттік тілді дамыту саласында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде жұмыс жүргізілді.

Облыстың тіл  саясаты өңірде тұратын халықтардың мемлекеттік тілін және этнос тілдерін әрі қарай дамытуға, қызметтің барлық салаларында мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейтуді және өңірдің лингвистикалық капиталын сақтауды қамтамасыз ететін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Мемлекеттік тілмен қатар қоғамдық өмір саласында жақын және алыс шетелдермен қарым-қатынас құралы болатын ғылым мен техниканың әр түрлі салалары бойынша ақпарат алудың негізгі қайнар көздерінің бірі болып саналатын орыс тілі қалады. Әлемдік қауымдастықпен бірігудің шетел әріптестерімен тәжірибе алмасу және инновациялық технологияны енгізудің шарттарының бірі ағылшын тілін білу болып табылады.

Облыста 25 мыңнан астам тыңдаушыларды қамтитын 21 оқу орталығы жұмыс істейді, олардың ішінен 13 орталықта мемлекеттік тілді оқыту жүргізіледі. Жыл сайын оқыту орталықтарының саны және мемлекеттік және ағылшын тілді оқығандар саны артуда (2012 жылы – 17, 2013 жылы – 19, 2014-2015 жылдары – 21).

 

Мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқығандар санының серпіні

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                адам

Р/с

Атауы

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жылғы

9 ай

1

2

3

4

5

6

 

Мемлекеттік тілді оқығандар

 

 

 

 

1

Мемлекеттік тілді оқығандар

2 088

4 300

2 829

958

2

Қалалар мен аудандар ұйымдары

184

616

499

143

3

Облыс мемлекеттік мекемелері

537

2 014

2 600

750

4

Облыс ірі кәсіпорындары

3 344

5 616

9 322

679

 

Ағылшын тілін оқығандар

 

 

 

 

1

Қалалар мен аудандар ұйымдары

165

384

487

244

2

Облыс мемлекеттік мекемелері

6

-

27

34

3

Облыс ірі кәсіпорындары

-

-

-

44

4

Оқыту орталықтары

1 067

4 240

9021

694

 

Барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметке түсуге және іс жүргізудің негізгі тілін талап ету ретінде қазақ тілін нығайтудың оң үрдісі байқалуда. Жоғары білікті мамандардың жұмылдыруының есебінен ірі кәсіп-орындарда мемлекеттік тілге оқығандар санының өсуі байқалуда.

Жыл сайын барлық санаттағы азаматтар үшін мемлекеттік тілді оқыту курстары тегін ұйымдастырылады, 2013 жылдан бастап мемлекеттік қызмет-керлер үшін ҚАЗТЕСТ бағдарламасы бойынша тегін оқыту және сынақ тестілеу жүзеге асырылады. Тілдерді дамыту және қолдану жөніндегі өңірлік жоспар шеңберінде жыл сайын 300-ден аса мемлекеттік қызметші оқиды.

Павлодар облысында тілдік жағдайды сипаттайтын негізгі көрсеткіштер тұрғындардың қазақ тілін меңгеру деңгейінің жоғары болуы болып табылады. 2015 жылы облыста мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 72,5%-ды құрады. Мемлекеттік тілді 80%-дан жоғары меңгерген Ақтоғай, Баянауыл және Май аудандары, 58-ден 70%-ға дейін Железин, Павлодар және Шарбақты аудандары.

Ағымдағы жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеулерге сәйкес сұралған азаматтардың бір бөлігі ағылшын тілін жақсы меңгергендерін көрсетеді, әсіресе Павлодар қаласының тұрғындары (19,8%), Екібастұз қаласы (11,9%) және Ақсу қаласы (11,2%). Аудандардағы ауыл тұрғындарының ағылшын тілін меңгеру деңгейі төмен (орташа көрсеткіш 4,6%), бұл аудан ауылдарындағы тұрғындардың жоғары және орта арнайы білімдерінің жоқтығымен түсіндіріледі. Жалпы 2015 жылы ағылшын тілін меңгерген облыс тұрғындарының үлесі 12%, көп тілді азаматтардың үлесі 10,5%-ды құрайды.

 «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының бұқаралық ақпараттар құралдарында мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау мақсатында ақпараттық-танымдық бағдарламалар, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілдік саясаты» жарнамалық-имиджді роликтер, облыстық радиода «Мемлекеттік тіл және отбасы» бағдарламасы эфирге шығады, екі тілде «tildes.gov.kz» Web-cайты жұмыс істейді, ай сайын «Ертіс дидары» газеті жарияланады.

Визуалдық ақпаратты ресімдеу бойынша объектілер мониторингісі бүгінгі күні тексерілетін объектілер санын көбейтумен визуалдық ақпараттарды ресімдеуде қателер саны 36,5%-ға азайғанын көрсетті.

SWOT – талдауы.

Күшті жақтары:

мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымы кеңейді;

мемлекеттік тілде іс жүргізуді аудару үрдісі белсенді іске асуда;

мемлекеттік тілдің қарым-қатынас қызметі теледидар және радиода, газеттерде, көлік және байланыс, сауда және қызмет көрсету саласында нығаюда;

өңірде тұратын халық тілдерін мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесі құрылды;

мемлекеттік тілді меңгеретін тұрғылықты емес ұлтты азаматтар саны көбейді;

қазақ тілінде оқытатын мектептерде оқитын тұрғылықты емес ұлтты балалар саны өсуде;

деректемелерді және визуалдық ақпараттарды орналастыру бөлігінде заңнаманы қадағалау бойынша құқық бұзушылық саны азайды.

Осал жақтары:

облыс тұрғындары сауда және тұрмыстық қызмет көрсету, көлік және банк қызмет көрсету саласында мемлекеттік тілді шамалы дәрежеде меңгереді;

әлеуметтік-тұрмыстық салада қазақ тілін қолданудың дәрежесі төмен болып қалуда.

ішкі құжаттарды, соның ішінде есептеу-статистикалық, қаржылық және техникалық құжаттаманы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде жүргізудің төмен пайызы.

Қатерлер:

тілдер орталықтарын аккредиттеу рәсімін өткізу бойынша уәкілетті орган анықталмаған;

қоғамда тіл мәдениетінің төмендеуі;

азаматтардың лингвистикалық капиталының төмендеуі;

мемлекеттік тілді дамытуда құқықтық базаның толық еместігі;

білім беру саласында үш тілді білу деңгейін бағалау және бақылаудың әлсіз жүйесі;

Мүмкіндіктер:

өңір азаматтарына мемлекеттік тілді меңгеру үшін жағдай жасау;

қазақ тілін оқыту жүйесін құру бойынша жұмысты жетілдіру;

өңірде тұратын халықтың тілдерін үйрену және сақтау үшін қолайлы жағдайлар туғызу;

халыққа қызмет көрсету саласында мемлекеттік тілді көпшілікке тарату;

мемлекеттік тілдің беделін көтеру және қолданылу талабын кеңейту бойынша қызметті жүзеге асыру;

мемлекеттік тілде теле- және радио  хабарлаларын жасау арқылы тілдік ортаны қалыптастыру;

тілдер туралы заңнаманы қабылдауға бақылауды күшейту.

Салаларда жүргізілген SWOT-талдау негізінде өңірде саланы дамытудың негізгі проблемалары анықталды:

тілдің әр түрлілігін сақтауда әлеуметтік-қатынастық кеңістіктегі мемле-кеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі;

қоғамда мемлекеттік тілді меңгерудің әркелкі деңгейі;

қызметшілер мен мамандардың мемлекеттік тілді үйренуінде кәсіпорын-дардың ынталандыруының болмауы;

тұрмыстық салада және жұмыс орны бойынша мемлекеттік тілдің толық емес көлемде қолданылуы.

 

Мақсаты: Облыста мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру

 

р/с

Мақсатты индикаторлар

Бірлік өлшемі

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жауапты орындаушылар

Ақпарат көздері

факт

факт

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

Мемлекет-тік тілді меңгерген ересек тұрғындар-дың үлесі

 

%

69,3

72,5

78,0

80,0

84,0

87,0

90,0

ТДБ

ЖАО

ведомство-лық есептер

 

2

Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындар-дың үлесі

 

%

10,1

12,0

17,0

22,0

23,0

24,0

25,0

ТДБ

ЖАО

ведомство-лық есептер

 

3

Үш тілді (мемлекет-тік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындар-дың үлесі

 

%

6,9

10,5

14,0

17,0

18,0

19,0

20,0

ТДБ

ЖАО

ведомство-лық есептер

 

 


2016-10-21 09:44:16

СЕНIМ ТЕЛЕФОНЫ
32-91-74
CALL CENTER

Жаңалықтар мұрағаты

акорда 100 100

СұрақСұрақтар мұрағаты

Ауданның қандай мәселесі Сізді көбірек алаңдатады?
Дауыс берді: 42
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайты
Стратегиясы Қазақстан 2050
ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
Павлодар облысының әкімдігі
Халықтық IPO бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
Қазақстан Стратегиясы 2050
Центр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан
EXPO 2017
Назарбаев орталығы
ҚР Әділет министрлігі
ҚАЗТЕСТ
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
Отау ТВ
Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
Мүлікті жария ету
«Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
Сот кабинеті
Рухани әлем
Астана экономикалық форумы
  • Мекенжайы

    Павлодар қаласы,
    Қайырбаев көшесі, 32

  • Телефон

    8 (7182) 32-67-81
    32-81-14

  • E-mail

    tilder32@gmail.com

  • Соц. сети