Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
Басты Іс-шаралар жоспары Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының іске асырылуы

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының іске асырылуы

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының іске асырылуы туралы

Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» №192/8 қаулысын орындау мақсатында келесі іс-шаралар атқарылды.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2013 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына 2011 жылы – 18 млн. 263 мың теңге, 2012 жылы – 19 млн. 541 мың теңге, 2013 жылы – 26 млн. 109 мың теңге бөлінді.

Облыс мемлекеттік органдарында Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасының сақталуына автоматтандырылған жүйе бойынша мониторинг жүргізілді. Облыс бойынша мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттардың үлес салмағы 99 пайызды құрады (2011 жылы – 90,1 %, 2012 жылы – 92 %).

Жыл сайын тіл заңнамасының орындалуына жоспарлы және жоспардан тыс тексеріс жұмыстары жүргізіліп (2011 жылы – 52, 2012 жылы – 96, 2013 жылдың соңына дейін – 125), аудармашылар мен іс жүргізуші мамандарға арналған семинарлар ұйымдастырылды (2011 жылы – 3, 2012 жылы – 3, 2013 жылы – 4).

Облыс қала, аудан көшелерінде ҚР “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңы 21-бабының орындалуын және көшелерде орналасқан көрнекі ақпараттардың сауатты ресімделуін үнемі қадағалау мақсатында рейдтер (2011 жылы – 1700, 2012 жылы – 2414, 2013 жылы – 4461) мен Павлодар қаласының ірі жарнама агенттік басшыларының қатысуымен 2 семинар өткізілді.

Жыл сайын мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының 4 отырысы өткізіліп, қала, аудан әкімдерінің, мемлекеттік орган, кәсіпорын басшыларының, жоғары оқу орындары ректорларының есептері тыңдалады.

 “Консалтинг” зерттеу орталығымен Павлодар облысы бойынша тілдерді дамыту мәселелері жөнінде әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, нәтижесі негізінде шығарылған кітапшалар жоғары оқу орындарына, қала, аудандар мен мемлекеттік органдарға таратылды (2011 жылы – 100, 2012 жылы – 150 , 2013 жылы – 150).

Ономастика комиссиясының 3 отырысы өткізіліп, қалалар мен аудандардың көшелерге ат қою және олардың атауын өзгерту мәселелері жөнінде атқарылған жұмыстары туралы есептері тыңдалды және қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерімен интернет желісі арқылы 3 онлайн семинар (skype арқылы) ұйымдастырылды.

ҚР “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңының 21-бап талаптарынжәне Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының “Көлік және байланыс, сауда, денсаулық сақтау және тұрмыстық қызмет көрсету, анықтамалық-ақпараттық қызмет салаларында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету” және “Электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді ұсынуда мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету” тармақтарын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік мекемелер мен ірі кәсіпорындарда Басқарма күндері өткізілді (2011 жылы - 5, 2012 жылы - 8, 2013 жылы - 7).                                                                                                                                                                                                                                                                                     

Облысымызда мемлекеттік тілді үйренгісі келетін азаматтардың санының артуына байланысты “Ана тілі” облыстық орталығында” жыл сайын барлық санаттағы азаматтарға қазақ тілін тегін оқыту курстары ұйымдастырылып, 200-ден астам адам оқытылады (2011 жылы – 250, 2012 жылы – 216, 2013 жылы – 210). Сондай-ақ 2013 жылы мемлекеттік қызметшілер үшін қазақ тілін тегін оқыту курстары ұйымдастырылып, 375 адам қамтылды.Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жөніндегі “Қазтест” жүйесі бойынша мониторинг жұмыстары жүргізіліп, 2012 жылы 177 мемлекеттік қызметші үшін 17 оқыту семинары ұйымдастырылса, өткен жылы 126 қызметші үшін 12 семинар өткізілді. Жалпы облыс бойынша оқытылғандардың саны 2013 жылы 14923 адамды құрады (2011 жылы – 13914, 2012 жылы - 14415).

Мемлекеттік тілде білім, тәрбие беретін балабақшалар мен мектептердің желісін кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні балабақшалардың саны 50-ге (2011 жылы – 37, 2012 жылы – 46), мектептердің саны 157-ге жетті (2011 жылы – 157, 2012 жылы – 155). Облыстық балабақшаларда қазақ тілінде тәрбие алатын өзе ұлт балаларының саны жылдан жылға өсуде (2011 жылы – 1031, 2012 жылы – 1086, 2013 жылы – 1486). Мектептерде қазақ тілінде білім алатын өзге ұлт оқушыларының саны да артып келеді (2011 жылы – 462, 2012 жылы – 577, 2013 жылы – 604).

Бағдарлама шеңберінде Ұлттық жаңғыру мектебінің ұлттық бөлімшелеріне арналған оқу-әдістемелік құралдары шығырылып (2011 жылы – 100, 2012 жылы – 100, 2013 жылы – 100), балаларға арналған мемлекеттік тілдегі кітаптар облыс мектепке дейінгі мекемелеріне тегін таратылды (2012 жылы - 1206, 2013 жылы – 1606).

Басқарма тарапынан мемлекеттік тілді дамыту, іс жүргізу, терминология мәселелері жөнінде облыс ғалымдарының қатысуымен және ұлттар тілдері мен мәдениетін сақтау және дамыту мәселелері жөнінде “дөңгелек үстелдер” өткізілді (2011 жылы - 3, 2012 жылы - 3, 2013 жылы – 4).

Үш жыл қатарынан облысымызда “Түркі тілдес халықтар жазбалары”, “Славян жазбалары» күндері, орыс жастары арасында қазақ тілін жетік меңгерген “Тіл – адам жанын танудың кілті”, орыс тілі білгірлерінің “Тіл – барлық білімнің кілті” атты конкурстар, қазақ тіліндегі КВН ойындары өткізілді.

Тілдер айлығы шеңберінде М. Мақатаев, О. Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің, “Мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт” облыстық конкурстары, өзге ұлт өкілдері арасында Абай поэзиясы білгірлерінің “Мақсұтым - тіл ұстартып, өнер шашпақ...” көркемсөз оқулары, жас ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылып, “Тіл – достық құралы” атты фестиваль өткізілді.

Қазақстан Республикасы заңнамасының мемлекеттік тілде және басқа тілдердегі телехабарлар көлемінің арақатынасын сақтау жөніндегі талаптарының орындалуын қамтамасыз ету басқарманың және облыс ішкі саясат басқармасының бақылауында. Қазіргі уақытта облыс бойынша хабар тарататын телеарналардағы қазақ тіліндегі бағдарламалардың көлемі 55%-тен астам көрсеткішке жеткізілді.

Мемлекеттік тілді бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау мақсатында “Қазақстан-Павлодар” телеарнасында ақпараттық-танымдық бағдарламалар, “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл саясаты” жарнамалық-имидждік роликтер және облыстық радиода “Мемлекеттік тіл және отбасы” хабары дайындалды. Сондай-ақ Павлодар облыстық қоғамдық “Ертіс дидары” газетінде және басқа да аймақтық БАҚ-та үнемі Павлодар облысында ұлтаралық және конфессияаралық келісімге бағытталған мемлекеттік тіл саясатының, мемлекеттің ішкі саясатының іске асырылу барысы туралы екі тілдегі мақалалар сериясы жарияланды. Мемлекеттік тіл саясатын насихаттайтын “Достық кеңістігі” Web-сайт қызметін, облыс мемлекеттік органдарының ресми сайттарында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету жұмыстары жалғастырылуда. Барлықөткізілген шаралар «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2013 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына» сәйкес ұйымдастырылды.


2014-02-20 12:09:10

СЕНIМ ТЕЛЕФОНЫ
32-91-74
CALL CENTER

Жаңалықтар мұрағаты

акорда 100 100

СұрақСұрақтар мұрағаты

Ауданның қандай мәселесі Сізді көбірек алаңдатады?
Дауыс берді: 42
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайты
Стратегиясы Қазақстан 2050
ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
Павлодар облысының әкімдігі
Халықтық IPO бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
Қазақстан Стратегиясы 2050
Центр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан
EXPO 2017
Назарбаев орталығы
ҚР Әділет министрлігі
ҚАЗТЕСТ
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
Отау ТВ
Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
Мүлікті жария ету
«Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
Сот кабинеті
Рухани әлем
Астана экономикалық форумы
  • Мекенжайы

    Павлодар қаласы,
    Қайырбаев көшесі, 32

  • Телефон

    8 (7182) 32-67-81
    32-81-14

  • E-mail

    tilder32@gmail.com

  • Соц. сети